Тәртіп – қатал, мүлтіксіз орындалуы тиіс. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Виталий Цойдың айтуынша, тәртіпке мойынсұнбағандар заң алдында жауап беретін болады. В.Цой тұрғындарды түнгі 22.00-ден кейін, аса қажет болмаған жағдайда, көшеге шықпай-ақ қоюға шақырды. Бүгінге дейін облыста төтенше жағдай режімін бұзған 186 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алайда тәртіп бұзушылар саны күн санап азая түскен.
Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, қазір облыстағы эпидемиялық аһуал тұрақты. Короновирус індетін жұқтырғандар тіркелмеген. Бұған дейін шетелден келген 1687 адам үй карантинінде, 261 адам провизорлық госпитальда жатыр.
Қостанай облысы