Қазір облысқа 4-ақ пойыз қатынайды. 1 сәуір күні соңғы рет жолға шығатын Қостанай – Алматы бағытындағы пойыз Нұр-Сұлтан қаласына кідірмей өтіп, Отар бекетіне барып тоқтайды. 3 сәуірде сол жерден Қостанайға қайтады. Сондай-ақ, Қостанай – Қарағанды, Қостанай - Арқалық пойыздары да бүгін соңғы рет жүреді. Екі пойыз да 2 сәуірде кері бағытта жолға шығады.
Қостанай облысын кесіп өтетін Маңғышлақ - Нұр-Сұлтан бағытындағы жолаушылар пойызы 2 сәуірде Атбасарға дейін жолға шығады. Ал 5 сәуір күні соңғы рет кері қайтады.
Қостанайға қатынайтын және облыс аумағын басып өтетін барлық жолаушылар пойызы 2020 жылғы 6 сәуірден бастап мүлде тоқтайды. Қала маңында жүретін Новоишим – Қостанай, Арқалық – Шұбаркөл, Қостанай – Жітіқара пойыздары да тоқтатылды. Қазір Тобыл – Әйтеке би, Әйтеке-Би-Тобыл, Құсмұрын – Есіл, Құсмұрын – Тобыл, Тобыл – Елімай бағыттары бойынша жүретін пойыздарға билет сатылмайды.
Қостанай облысы