Руханият • 01 Сәуір, 2020

Вахтангов театры қойылымдары онлайн көрсетіледі

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Онлайн театр» бағдарламасы аясында 2 сәуір мен 10 сәуір аралығында Мәскеудің әйгілі Евгений Вахтангов театры қойылымдарының онлайн көрсетілімі жүреді.

Вахтангов театры қойылымдары онлайн көрсетіледі

2 сәуірде режиссер Сильвиу Пуркаретенің қолтаңбасында қойылған Ж.Б.Мольердің  «Мнимый больной» спектаклі көрсетілсе,  4 сәуірде Владимир Ивановтың «Люди как люди» (2011), ал 5 сәуірде  әйгілі режиссер Римас Туминастың режиссерлігімен қойылған «Маскарад» (2010) спектаклі көрермен назарына онлайн режимде ұсынылатын болады. 

Көрсетілімді одан әрі қарай 7 сәуір күні режиссер Владимир Ивановтың «Мадемуазель Нитуш» (2004) қойылымы жалғайды. Спектакльдердің әдемі шеруін 10 сәуірде италиялық режиссер Лука де Фусконың «Суббота-Воскресенье-Понедельник» (2019)  қойылымы түйіндейтін болады.

Спектакльдер жайлы толық ақпаратты «Online Театр» – https://onlineteatr.com/afisha/timetable?id=30  сайтынан алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Е.Вахтангов театры қойылымдарының барлығы 2020 жылдың 2-10 сәуірі аралығында Мәскеу уақыты бойынша 19.00, астана уақытымен  22.00-де «Online Театр» сайтында тегін көрсетіледі.