Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Мемлекеттік сақтандыру қорынан 42500 теңгені кім алады?

1100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезіндегі еңбек қатынасы туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді.

Мемлекеттік сақтандыру қорынан 42500 теңгені кім алады?

«Мемлекеттік сақтандыру қорынан 42500 теңгені кім алады? Ол, біріншіден – жалдамалы қызметкерлер. Орта, шағын кәсіпорындарда ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшылар. Карантин жарияланған қалаларда ірі кәсіпкерлік субъектілер де жатады.

Екіншісі – жеке тұлғалар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Олардың ішінде жеке кәсіпкерлер бар, біздің статистикамыз бойынша 1,5 милионнан астам жеке кәсіпкер бар. Жеке практикамен айналысып жүрген азаматтар бар. Олар – жеке адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар. 2 мыңнан астам осындай азаматтар бар. Және де азаматтық құқықтық сипатта жұмыс істеп жүргендер. Елімізде 180 мыңдай фрилансерлер бар. Бірыңғай жиынтық көлемін төлеген азаматтар. Елімізде 316 мың адам соңғы 12 айда бір рет болса да осы бірыңғай жиынтық төлемін төлеген», деді министр Біржан Нұрымбетов.

Министрдің айтуынша, жәрдем ақыны алу үшін нді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек қана өтініш беріледі. Жұмыс беруші өтінішіне өзінің жұмысшыларының тізімін қосады. Өтініш беру үшін 42 500 теңгелік төлемді рәсімдеуге арналған сайт ашылады.