Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Аntikor онлайн режімінде азаматтарға құқықтық көмек пен заңгерлік кеңес көрсетуде

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елдегі төтенше жағдайды ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өзінің «Adal kómek» жобасы арқылы онлайн форматта заңгерлік көмек көрсетуде.

Аntikor онлайн режімінде азаматтарға құқықтық көмек пен заңгерлік кеңес көрсетуде

Бұл жоба әрбір азаматтың тұрғылықты жеріне қарамастан, әлеуметтік оқшаулауды сақтай отырып, нақты уақыт режимінде жоғары білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.

Жоба агенттіктің бастамасымен «Волонтер жылы» аясында бастау алды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы волонтерлік қызметтің бір бағыты ретінде волонтер-заңгерлерді тарту арқылы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуді айқындап берді.

Белгілі адвокат, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, адам құқығы жөніндегі сарапшы Айман Омарова «Adal kómek» жобасына жетекшілік етуде.

Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде жобаның филиалдары іске қосылған.

Жобаның кең ауқымда таралып жұмыс істеуі үшін аталған шараға агенттік арқылы еліміздегі беделді заңгерлер мен құқықтанушылар, тәжірибелі адвокаттар тартылуда.

Өз кезегінде, бұл қоғамның әлеуметтік осал топтарына тегін кеңес беру үшін сарапшылар қауымдастығының басын біріктірген ашық алаң құруға мүмкіндік берді.

«Adal kómek» жобасы іске қосылған сәттен бастап мыңнан аса азамат құқықтық кеңес алды. «Adal kómek» бұл – құқықтық ағартушылық пен азаматтық қоғамның жетілу көрсеткіші.