Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Павлодарда «Біз біргеміз!» акциясы аясында 900-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көмекке зәру жандарға азық-түлік және бетперделер жеткізу акциясы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда «Біз біргеміз!» акциясы аясында 900-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді

Еске салайық, наурыз айының 20-сы күні Павлодарда «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» республикалық акциясы бастау алған болатын. Акция аясында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге бірінші кезекте қажетті азық-түлік өнімдерін, бетперделер мен антисептикалық құралдар жеткізуде.

- Осы уақыт аралығында өңірімізде 900-ге жуық отбасыға көмек көрсетілді, - деді «Jas Otan» облыстық филиалының төрағасы Ғабит Хафиз.

– «Nur Otan» мен «Jas Otan» еріктілері қажетті заттар салынған жәшікті «есіктен-есікке» қағидаты бойынша жеткізіп береді. Яғни, адамдармен байланысқа түспейді. Көмек ретінде берілетін заттар демеушілер есебінен алынады.

Ғабит Хафиздің айтуынша, көмек берілетін отбасылар «Nur Otan» қоғамдық қабылдауында, әлеуметтік желілерде түскен өтініштер бойынша және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мекемелері ұсынған тізім бойынша анықталады.

- Бүгін індетке қатысты еліміздегі жағдайдың ушығуына байланысты халық пен еріктілердің денсаулығына қауіп төндірмеу үшін бұл акция уақытша тоқтатылды, - деді Ғабит Хафиз.