«Birgemiz» қорына тоқталсақ, бүгінде қорға 13 млрд теңге түсті. Қаржы ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық өңірде қор өкілдіктері ашылды», - деді министр.
Сондай-ақ қордың сайты іске қосылғанын атап өтті.
«Онда келіп түскен қаражат пен шығындар жарияланады, тіпті, чектерге дейін көрсетіледі. Қазір әр өңірде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. Олар жақын уақытта қордан көмек алады», - деді Дәурен Абаев.