Қазақстан • 01 Сәуір, 2020

Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады?

856 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Бірыңғай жиынтық төлемді қалай төлеуге болады?

Екі жолы:

1. Halyk Bank, Forte Bank, Сбербанк, Jusan Bank, Банк центр кредит, Kaspi банктерінің мобильді қосымшалары және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы;

2. 5505 нөміріне SMS жіберу арқылы:

Қала тұрғындары үшін латын қарпімен — GORODESP және өзінің ЖСН көрсету. Құны: 2651 теңге;

Ауыл тұрғындары үшін — SELOESP және өзінің ЖСН көрсету. Құны: 1325,5 теңге.

Нәтижесі: Қажетті сома теңгерімнен алынады. Сіздің мәртебеңіз рәсімделді. Сіз ай сайын 42 500 теңге алуға үміткер бола аласыз.