Халықаралық дзюдо федерациясы Олимпиада уақыты ауыспаған жағдайда, 30 мамыр күні рейтингті жабуы тиіс болатын. Алайда, Олимпиада жолдамасына талас енді одан әрі жалғасады. Осыған орай, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі қазақстандық спортшылардың Олимпиадалық рейтингтегі жағдайын шолып шықты.
60 килода белдесетін Елдос Сметов 5018 ұпаймен үшінші орында болса, Ғұсман Қырғызбаев 6-сатыда. 66 килодағы Ерлан Серікжанов 12-ші, Елдос Жұмақанов 20-орында. 73 кило салмақтағы Жансай Смағұлов 24-орында тұр.
81 килодағы Дидар Хамза 32-орында болса, 90 килодағы Ислам Бозбаев 19-сатыда. 100 килоға дейінгі салмақта Айбек Серікбаев 50-ші, ал 100 килодан жоғары салмақтағы Ерасыл Қажыбаев рейтингтің 37-ші сатысында.
Әзірге, IJF Олимпиадаға іріктеу турнирінің қалай және қашан жалғасатынын мәлімдеген жоқ.