Дүние-жарықты үрей билеп, жер емген пенде біткен пәруәна кейіпке еніп, жаман дертпен алысып жанталасуда... Алайда, адам баласы жанталастан мейірімге көшіп, тас-түйін боп татулыққа ойысты... Қазақ деген қайырымы мол халықты бір кісідей бірлік пен дертке қарсы тірлікке, күреске шақырған Президентіміз әлемдегі елдердің алды болып, халқын құшағына алып, аты жаман індеттен қорғаштау мақсатындағы үндеуі түбі қайыр жеңіске, алдағы қуанышқа деген ұлы сенім ұялатты. Қасым-Жомарт Кемелұлы талай асу-асу белдерден аман қалған елін бұл кезеңнен де кенен істерімен аман өткізеріне күмән жоғын айқын білдірді, алапат күрестің қан ортасында, хақ басында екенін де анық байқатты. Әр азаматтың назарда екені, олардың әрқайсысының өмірі мен денсаулығы үшін мемлекеттің соңғы тиынына дейін сарп етерін батыл айтты! Жиған-терген, бақуат-байлық адам үшін, оның амандығы мен ұлтына деген ұлы махаббатының жолында құрбандық екенін еске салды! Айдауға көнбес қазағым, айтқанға көнейік, басын бәйгеге тіккен мемлекет басшысының төңірегіне жиналайық тәрге жығылайық! Жұдырықтай жұмылайық! Біз жеңеміз! Біз біргеміз!
Ел басына күн туған алмағайып кезеңді кешудеміз... Жер-Ананы жайлаған, ауасын жұтып, суынан нәр алған адамзат баласына қатер төнді... Дерт келді...
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Саясат • Бүгін, 11:50
Доллардың бүгінгі бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:18
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент • Бүгін, 10:45
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 09:23
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26