Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Маңғыстаулық кәсіпкерлер медицина қызметкерлерін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қолға алды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстаулық кәсіпкерлер медицина қызметкерлерін үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуді қолға алды

Әсіресе бірінші кезекте инфекциялық аурухана, жедел жәрдем қызметі, провизорлық және обсервациялық госпитальдер. Себебі олар өңірде коронавирустың таралуын алдын-алуда күндіз-түні аянбай еңбек етуде. Самат Мұсабаев, Ирина Беляева, Шамрад Телеубаев, Олжас Әлмереков, Рауф Алиев, Анар Мирамир сияқты кәсіпкерлер, облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев, балалар үйінің директоры Сару Ермұханова қазір бірігетін мезгіл екендігін айтады. Себебі Covid-2019 эпидемиясымен күресте алдыңғы қатарда ақ халатты абзал жандар тұрғаны белгілі және оларға мейлінше қолдау көрсету маңызды.

Маңғыстау облысының штаттан тыс бас инфекционисті Гүлбану Нұржанованың айтуынша, қазіргі таңда дәрігерлер мен медбикелерге қиын жағдайда жұмыс жасауға тура келіп тұр, әсіресе инфекциялық стационарлар.

Жалпы жұмыс көлемінің артуы барлық медициналық ұйымдарда сезіліп отыр. Мәселен, облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясына шақыртулар бұрынғыға қарағанда 1,5 есеге артқан.