Спорт • 02 Сәуір, 2020

Еркін күрестен төрт спортшымыз әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UWW еркін күрестен наурыз айында үздік төрттікке енген балуандар тізімін жариялады. Аталған рейтингте қазақстандық спортшылар да бар деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Еркін күрестен төрт спортшымыз әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Атап айтар болсақ, 65 килода әлем чемпионатының финалисі Дәулет Ниязбеков рейтингте үшінші орында келеді. Ол Ресей және Үндістан балуандарын алға жіберген. 70 килода әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов та алғашқы үштікте. Жас балуан Ресей мен Польша спортшыларының ізімен келеді.

74 килода Азияның екі дүркін жеңімпазы Данияр Қайсанов үшінші орында тұр. Қайсанов әйгілі Франк Чамизо (Италия) мен ресейлік Заурбек Судаковтан аз ғана ұпайға қалып қойған. 79 кило салмақтағы Ғалымжан Өсербаев рейтингтің үшінші сатысында. Бұл салмақта АҚШ пен Әзербайжан балуандары көш бастап тұр.