– Қазіргі таңда барлық спорттық жарыстар елдегі төтенше және карантиндік жағдайға байланысты уақытша тоқтап тұр. Сондай-ақ бірқатар додалар жылдың екінші жартысына ауыстырылды. Спорттық бәсекелер қашаннан бастап жалғасын табатынын тап басып айта алмаймыз. Өйткені барлығы қазіргі карантиндік жағдайға байланысты, деді А.Райымқұлова.
Еске сала кетсек, биылғы ел біріншілігі 7 наурызда басталып, 16 наурызда коронавирус пандемиясына байланысты тоқтады. Осы уақыт аралығында командалар небәрі екі-ақ тур ойнады. Алғашқы тур ойындары қалыпты жағдайда өтсе, екінші тур жанкүйерсіз өтті. Екі тур қорытындысы бойынша «Астана» көш бастап келеді. Жоспар бойынша ойындар 15 сәуірден бастап қайта жалғасады деп күтілуде.