Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Бұрынғы әкім мен Талғар ауданының лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті болды

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғар ауданының Панфилов селолық округының бұрынғы әкімдері мен Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұрынғы әкім мен Талғар ауданының лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті болды

Олар заңсыз шешім шығаруда, сондай-ақ, Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан санитарлық қорғау және су қорғау аймақтарындағы жер телімдеріне мемлекеттік акт жасауда күдікті болды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.