Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Су тасқыны кезеңіндегі апаттың алдын алу бойынша рейд

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су тасқыны кезеңінде халықты қорғау қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан ТЖ департаментінің, азаматтық қорғау қызметкерлерінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін нөмірі бірінші міндет болып тұр. Ежелден су басу аймағына Петропавл қаласының маңындағы Есіл өзенінің жайылмасында орналасқан саяжай кооперативтері ұшырайды. Олардың кейбіреулерінде үнемі, облыс орталығының тұрғындары ерте көктемнен қара күзге дейін тұрады. Сондықтан олар  тосын табиғи құбылыстың «тәуекел тобына» кіреді.

Су тасқыны кезеңіндегі апаттың алдын алу бойынша рейд

Осыған байланысты Петропавл қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері азаматтардың осындай санаттарының қауіпсіздігіне арналған сенбілік өткізді. Іс-шараға бөлімшенің жеке құрамы мұқият дайындалып, облыс орталығының саяжай кооперативтерінің төрағаларынан «жыл бойы демалушылар» тізімін дайындады. Рейдті жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылды. Заречный кентінің маңында қауіпті аймақта орналасқан саяжайларға ерекше көңіл бөлінді.

Басқарма офицерлері саяжай тұрғындарына су тасқыны кезіндегі қауіптілікті түсіндірді, өткен жылдардың мысалдарын жеткізді, олардың кейбірі «аралда» қалып қойғандығы туралы айтылды.

Сондай-ақ департамент қызметкерлері саяжайларға су тасқыны кезінде ТЖ-ның әрекет ету тақырыбы бойынша хабарлама-жадынамалар таратты, 112 телефоны туралы еске салды, ол арқылы тәулік бойы ТЖ қаупі кезінде көмек сұрауға болады.

Құтқарушылар сол маңда отырған балықшыларға да белсенді қар еру және мұздың қозғалуы кезінде мұзда қалу қауіптілігін түсіндірді, судағы ТЖ кезіндегі іс - қимылдарға үйретті, өздігінен және өзара құтқару тәсілдері мен тәсілдерін еске салды. «Қазір қар еріп, мұздың беріктігі айтарлықтай төмендеп, ол жұқа болып тұр. Сондықтан мұздың қалыңдығына алданып қалмау керек.  Құтқару кеудешесі және басқа да өзін-өзі құтқару құралдарынсыз мұзға келуге болмайды. Осындай қауіпті кезеңде балық аулауды тоқтатуды ұсынамыз»,- деді оларға құтқару бөлімшесінің басшысы, тәжірибелі құтқарушы Сергей Черкасов.

Солтүстік Қазақстан облысы