Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Бюджет қаражатын жымқыруға тосқауыл қойылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ мен «Еңбек Аршалы» РМК лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Бюджет қаражатын жымқыруға тосқауыл қойылды

Соңғылар «Қазақстан Республикасында білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында И.Құптанұлы атындағы орта мектептің ағымдық жөндеу жұмыстарына бөлінген бюджет қаражатын жымқыруда күдікті болды. Тергеу жалғасуда.