Кино • 02 Сәуір, 2020

«Ұмай» Ұлыбританияны бағындырды

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Режиссер Іңкәр Әбдраштің «Ұмай» («Мальчик у окна») қысқаметрлі фильмі BritishInternational Amateur Film Festival (BIAFF)Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде«Ең үздік фильм» және «Ең үздік сценарий» аталымы бойынша топ жарды. Аталмыштуынды іс-шара аясында байқаудың үздікфильмдеріне берілетін Daily Mail баспасыныңарнайы сыйлығына да үміткер.

«Ұмай» Ұлыбританияны бағындырды

Өкінішке қарай, ұйымдастырушылар Британаралдарында коронавирустың өршуіне байланыстыең ауқымды әуесқойлар кинофестивальніңсалтанатты кешін кейінге қалдыруға мәжбүрболды. Бұл туралы кинофестивальдің ресмисайтында былай делінген:

«Өздеріңіз білесіздер, Ұлыбританиядағы кейбіріс-шаралардың мерзімі шегеріліп, кейбірі мүлдешектетілді. Мамырдың 8-10 аралығынажоспарланған BIAFF-2020 фестивалін 2020 жылдың 16-18 қазанға ауыстыру туралы шешімқабылданды».

А

Фестиваль ұйымдастырушылары отандық кинотуындының түсірілім тобын айтуы жеңісімен құттықтап, қазылар алқасының оң пікірлерін жіберді. Олар фильмде басты рөлде көрінген актерлер –  Алмаз Ақылбай мен Гүлнар Сильбаеваның жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар, қазылар алқасы оператордың кәсіби жұмысын, фильмнің монтажын және дыбыстық сүйемелдеуін ерекше атап өтті.

Қазылар алқасының атынан Майк Уитмен: «Бұл бірінші кадрдан-ақ көрермендерді қызықтыратын әдемі фильм. Жеңістеріңіз құтты болсындеп құттықтады.

Режиссер Іңкәр Әбдраштің айтулы дебюттікфильмінің желісі өзімшіл актрисаның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісінің өмірін баяндайды. Картинаның продюсерлері Фархат Әбдірайымов пен Гүлшат Смағұлова. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірген болатын.

О