Қазақстан • 02 Сәуір, 2020

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы плющ Лигасының екі бірдей университетіне оқуға түсті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айында Елемесовтер отбасына сүйінші хабар бірден бірнеше елден жетті: Аделинаның әлемдегі ең беделді университеттерге қабылданғаны туралы ресми хаттар, деп хабарлайды аталған мектептің баспасөз қызметі.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы плющ Лигасының екі бірдей университетіне оқуға түсті

Плющ Лигасының  Колумбия және Корнелл сияқты ең әйгілі университеттері қазақстандық түлекті студент ретінде қабылдауға дайын. Сонымен қатар талапты жас Northwestern University (АҚШ), Amherst College (АҚШ), YaleNUS (Сингапур), Duke Kunshan University (Қытай) оқу орындарынан шақырту алды.

Бүгінгі күні Аделина Елемесова қай университетті таңдайтынын шешуде, алайда ол өзінің мамандығы ғылым және жасанды интеллектпен байланысты болатынын нақты біледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің  12-сынып оқушысы Аделина Елемесова – еріктілер қозғалысының және TEDx жобалардың белсенді қатысушысы, теннистен қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы.