Білім • 31 Наурыз, 2011

Білім ордасын дұрыс таңдау – болашаққа маңызды қадам

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті - еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі. Бұл оқу орны Қазақстан экономикасын, мәдениетін, ғылым мен білімін қалыптастыруға және дамытуға зор үлес қосып, бүкіл Орталық Азия аймағындағы сапалы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнына айналды.

Білім ордасын дұрыс таңдау – болашаққа маңызды қадам

Жоғары сапалы білім, халықаралық тану, белсенді зерттеу және дамыту, инновация, ең мықты факультеттер және дарынды түлектер - бұл бүгінгі күні, ҚазҰУ-дың мақтанышына айналды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен, сыйластық пен шынай достықтың ордасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақтықабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол жоғары оқу орны.

ҚазҰУ-дың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес оқу процесін толықтай жаңғырту, білім мазмұнын әлемнің танымал жетекші университеттерімен сәйкестендіру мақсатында оқу бағдарламаларын әртараптандыру.

QS Агенттігінің 2019 жылы өткізген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша ҚазҰУ Қазақстанда алғаш болып Орталық Азия аймағында «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінде «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингінде әлемдегі ең үздік 800 университеттер арасында 207 орынға ие болды. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ). 

Университетімізде, сонымен қатар, дәстүрлі түрде «Менің Қазақстаным», «Супер студент», «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем»,  «ХҚФ аруы», «Университет аруы», КВН, «Ана тілі аруы – Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады. Факультеттен тыс әртүрлі пікірталастар, интеллектуалды ойындар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыратын интеллектуалды-дискуссиялық клубтар ұйымдастырылады. Оқу процесіне өзін-өзі басқару элементтерін енгізу, жастардық мәдени-жалпылама және спорттық жұмысын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ат салысу мақсаты болып табылатын студенттік деканат қызмет етеді. Нәтижесінде студенттер тек қана өз ісінің маманы болып қана қоймай, сонымен қатар өмірлік ұстанымдарының да көшбасшысы болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебіндегі «Есеп және аудит» кафедрасы 2004 жылдың 27 сәуірінде құрылған. «Есеп және аудит» кафедрасы бухгалтерлік есеп және аудит саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандарды дайындайтын кафедра болып табылады. Бұл кафедрада профессор-оқытушылар құрамының сапасын арттыру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіп отырады. Жыл сайын профессорлық оқытушылар құрамы  шетелдегі жетекші ЖОО – на біліктілікті арттыруға жіберіліп тұрады.  «Есеп және аудит» кафедрасы 30 артық пән бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім береді. Міндетті пәндермен бірге элективті пәндер де оқытылады. Кафедра бойынша элективті курстардың ерекшеліктері - экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін бухгалтерлерді дайындау кезінде тәжірибелік қызметке көп көңіл бөлінетіндігінде.

2012-2013 оқу жылынан бастап  «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тек ағылшын тілінде білім алатын студенттер тобы қабылданған. Бүгiн бiздiң студенттер дипломдарын алғаннан кейін нарықта сұранысқа ие , оқу процесiн үзбей кез-келген студент халықарылық бухгалтерлік есеп саласы бойынша СIPA сертификация бағдарламасы САР – сертификатталған тәжірибелі бухгалтерге оқып, сертификатын алу мүмкіндігі бар. СIPA сертификатына емтихандарды тапсыру бойынша студент ҚР аудиторлар саралаулары бойынша емтихандар өзара есепке алынады.

Бүгінгі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын, толық білім мен ғылым беру кешені болып табылады. Біздің университет Қазақстанның болашағын дайындайды деп айтуға болады, өйткені біздің түлектеріміздің басым көпшілігі қазақстандық қоғамның элитасына еніп, ел дамуының векторын қалыптастыруға қатысады.

Сария БАЙМҰҚАНОВА,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қаржы және есеп кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы