Экономика • 02 Сәуір, 2020

Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 41,9% төмендеді

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше кешкісін онлайн жиында  Ұлттық банк ақпандағы ақпараттарды жариялады.

Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі 41,9% төмендеді

Қазақстанда шетел валютасындағы депозиттер1,5% -ға 7 776,7 млрд  теңгеге дейін төмендеді. Долларландыру деңгейі 2020 жылдың ақпан айының соңында 41,9% құрады (2019 жылғы желтоқсанда - 43,1%). Бұл туралы   Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Бір айда ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 0,1% артып, 10 802,1 млрд теңгеге жетті», делінген ақпаратта.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2020 жылғы ақпанда 2,5% -ға, 5,556,8 млрд  теңгеге дейін, шетел валютасындағы 7,2% -ға, 3 824,6 млрд теңгеге дейін (заңды тұлғалардың депозиттерінен 41,7%) азайды )

Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 2,4% -ға, 5445,3 млрд теңгеге дейін, шетел валютасындағы4,7% -ға, 3952,2 млрд . теңгеге дейін өсті.  (жеке тұлғалардың депозиттерінен 42,1%).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,7% төмендеп, 12 615,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы депозиттер7329,5 млрд. Теңгені, шетел валютасындағы 5 286,3 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 7,1% (2019 жылғы ақпанда - 7,2%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 8,9% (9,5%) құрады.