Мектеп әкімшілігінің ұсынысымен өнер пәнінің мұғалімі Алмагүл Жұмаева балабақшалардағы қызметкерлерге арнап 60 бетперде тікті. Қорғаныс құралдары әр балабақша мамандарына 20 данадан таратылды. Балабақша қызметкерлері мұндай қайырымдылыққа мәз болып, мектеп ұжымына алғыс білдірді.
- Бетпердені көптеп тіккіміз келген. Бірақ, қазіргі таңда материал тапшылығы байқалады. Сол себепті мүмкіндігімізге қарай қайырымдылық жасауды ұйғардық, - дейді өнер пәнінің мұғалімі, тігінші Алмагүл Тимурқызы.