Спорт • 02 Сәуір, 2020

Нысана көздеуден әлем чемпионаты өтпейтін болды

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спорттық атудан халықаралық федерация COVID-19 індетіне байланысты нысана көздеу және стенд атудан өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын кейінге шегерді деп жазады Olympic.kz.

Нысана көздеуден әлем чемпионаты өтпейтін болды

Жасөспірімдер арасындағы әлемдік сын 11-19 шілде аралығында Германияның Зуль қаласында өтуі тиіс болатын. Сонымен қатар 2-9 маусым күндері Мюнхен (Германия) қаласында өтеді деп жоспарланған нысана көздеуден әлем кубогы кезеңі де белгісіз мерзімге ауыстырылды. 

Ал мамыр айында Үндістанда өтуі тиіс нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогы кезеңдерін ауыстыру туралы мәлімдеме әлі шыққан жоқ.