Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері коронавирустың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте азаматтық қоғау полковнигі ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев мәлім етті.

Төтенше жағдай департаменті қызметкерлері коронавирустың алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда

«Коронавирус инфекциясы» профилактикасы бойынша күнделікті 280 адамнан тұратын департамент қызметкері және 140 полиция қызметі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың 938 мүшесі, қорғаныс министрінің 408 әскери қызметкері тұрғындар арасында профилактикалық іс-шаралар, сонымен қатар ғимараттарға (мемлекеттік мекемелерді) дезинфекция жүргізуде.

- Облыстағы 51 елді мекенде, алаңдарда, саябақтарда, мәдени сауықтыру және қоғамдық орындарда, сауда орталықтарындарда және супермаркеттерде, проспектілерде, ескерткіш маңайларында, теңіз жағалауында профилактикалық іс-шаралар атқарудамыз. Және де Ақтау халықаралық әуежайында, теңіз портында, Құрық, Баутино, Маңғышлақ, Шетпе, Бейнеу елді мекендерінде және Жаңаөзен темір жол вокзалында сонымен қатар қалалық және аудандық барлық автовокзалдарда әр бір сағат радио арқылы тұрғындарға ақпарат беріліп отыр, деді азаматтық қорғау полковнигі ҚР ІІМ ТЖК Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Базарбаев Қуанар.

Дауыс зорайтқышы бар 249 қызметтік автомобильдермен, оның ішінде АҚ органдары-90, ІІО-41, ЖАО-68, Қорғаныс министрлігі - 23 көп адамдар жиналатын жерлерде рейдт жүргізілді. Күніне екі рет «ВЕСТНИК» хабарландыру жүйесі арқылы, бір күнде күніне бір «АLMA TV» 15 телеарналық каналдарды, радиоларда, денсаулықты сақтау нысандарында нұсқаулықтармен таныстырылады.