Видео • 02 Сәуір, 2020

Егеменнен ертегі - жаңа жоба

809 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгідей сын сағатта газетіміз талғампаз кішкентай тыңдармандар үшін «Егеменнен ертегі» жобасын көпшілік назарына ұсынып отыр. Мұндағы мақсат – үйде отырған жас өскіннің көңілін аулау, қуаныш сыйлау.

Егеменнен ертегі - жаңа жоба

Ертегіні «Egemen Qazaqstan» газетінің YouTube арнасынан күн сайын тыңдай аласыздар. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ» театрының әртісі, Мәдениет саласының үздігі Салтанат Мағзым ертегілерді түрлендіре оқып шықса, жобаны атқаруға суретші-карикатурашы Айдарбек Ғазиз, газет тілшілері Ая Өміртай, Жанболат Кенжеғұл атсалысты.

Қазақ радиосындағы «Ерден атаның ертегілері», «Зәмзәгүл әженің ертегілері», «Кешкі ертегілер» деген атпен үзіліссіз беріліп тұратын ізгілікті дәстүрдің жалғасындай болған шағын жобамызды кішкентай тыңдармандар қуана қабыл алғайсыздар деген үміттеміз!

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше