Әлем • 03 Сәуір, 2020

Сауд Арабиясы ОПЕК+ мүше елдерді шұғыл кеңеске шақырды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай бағасына қатысты жаңалықтар кешеден бері бетін бұра бастады. Кеше түнде мұнай бағасының 40 пайызға көтеріледі деген ақжолтай жаңалықтарды әлемнің сәт сайын қырық құбылып тұратын ақпарат агенттіктерінің бәрі хабарлады.

Сауд Арабиясы ОПЕК+ мүше елдерді шұғыл кеңеске шақырды

Ал бүгін таңертең «Сауд Арабиясы ОПЕК + аясындағы серіктес елдерді мұнай нарығындағы жағдайды талқылау үшін төтенше жиналыс өткізуге шақырды» деген хабар тарады.  ОПЕК+ жаққа қарап елеңдеп, жол сөмкесі жинаулы тұрған талай шенеунік қазір әуежайға аттанып бара жатұаны ақиқат. Бұл дереккөзді  Сауд Арабиясының баспасөз агенттігі 1 сағат бұрын таратыпты.

«Корольдік мұнай нарықтарындағы қажетті тепе-теңдікті қалпына келтіретін әділ келісімге қол жеткізу үшін ОПЕК + және басқа елдер тобы арасында шұғыл жиналыс өткізуге шақырады» делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының мұндай шешімі әлемдік экономиканы «ерекше жағдайларда» қолдауға деген талпыныспен және АҚШ президенті Дональд Трамптың «өтінішін қанағаттандырумен» байланысты деп атап өтілген.

Бұрын хабарланғандай, Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері сауда сессиясы барысында 46,7% -ға өсіп, барреліне $ 36,29 деңгейіне жетті.

Трамп өз кезегінде Мәскеу мен Эр-Рияд арасындағы мұнай туралы келісім күтіп тұрғанын айтты.