Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Шымкентте қоғамдық көліктер күніне екі рет дезинфекциялануда

18 реткөрсетілді

Шымкент қаласы тұрғындарының өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында, шаһардағы қоғамдық көліктерге күніне екі рет дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

– Қала әкімі М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес, бюджеттен қаржы қаралып, қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциялануда. Шымкент қаласындағы дезинфекциялау жұмыстары бағыттардың жұмысы аяқталған соң, кешкі уақытта автобаза аумағында және күндізгі уақытта бағыттың соңғы аялдамаларында тұрақты атқарылуда, - дейді Шымкент қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Н. Сүгірәлиев. 

Сонымен қатар маршруттардағы кондукторларда әр рейс аяқталған соң, автобус және шағын автобустардың салондарын жуу жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Елдік нышандар тарихы

Қазақстан • Бүгін, 18:14

Атырау: Үй қамаққа қамалған қыз

Аймақтар • Бүгін, 18:00

Биыл ауылға табиғи газ жетеді

Аймақтар • Бүгін, 14:29

Ұқсас жаңалықтар