Әлем • 03 Сәуір, 2020

Коронавирус індеті Тәжікстанға жетпепті

337 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус тіркелмеген елдерді атады. Бұл туралы «Fars news» агенттігі хабарлады. 

Коронавирус індеті Тәжікстанға жетпепті

Хабарламада айтылғандай, Тәжікстан мен Түркіменстан - Орталық Азиядағы коронавирус тіркелмеген елдер. ТМД-ның басқа елдерінде бұл вирус тез таралуда.

Тәжікстан мен Түркіменстаннан басқа, сондай-ақ Солтүстік Корея мен Йеменде коронавирус тіркелген жоқ.

Newsweek журналының зерттеуіне жүгінсек, коронавирус бір-ақ адамнан табылған елдерді Африка мен Тынық мұхиттан кездестіруге болады. Солтүстік Кореяға жете қоймаған. Қытаймен, Оңтүстік Кореямен шектесетін Солтүстік Корея - жаңа коронавирустың жолын бөгеу үшін өз шекарасын жауып, анти-эпидемиялық шараларды қолға алған алғашқы елдердің бірі. Оңтүстік Суданда әлі кездескен жоқ. Бұл суб-Сахаралық мемлекетте азаматтық соғыс өткен айда ғана аяқталып, жауласушы тараптар бірлік туралы келісімге қол қойды. Африканың өзге бір жерлерінде, мысалы, Ботсвана мен Лесотода да COVID-19 әзірге анықталмай отыр. Айта кету керек, бұл мемлекеттер  коронавирус эпидемиясы жұқтырғандар саны 1000-ға жуықтаған Оңтүстік Африка Республикасымен шекаралас.

Бұл диагноз осы аймақтағы Кук және Маршалл аралдарының, Микронезия мен Наурудың, Палау мен Самоаның, Соломон аралдары мен Тувалудың, Вануатудың бірде-бір тұрғынына қойылмапты. Осы елдердің көбі бүгінде әлемнің ең бақуатты, ең ірі деген мемлекеттерінің өзінде денсаулық сақтау жүйесіне күйреу қаупін төндіріп тұрған вирустың жолын бөгеу үшін  шекараларын мейлінше жапты.

ДДҰ-ның Тәжікстандағы өкілі Галина Перфилиева елде коронавирустың жоқтығын ресми түрде мәлімдеді.  «Тәжікстанда неліктен коронавирустың бірде-бір оқиғасы жоқ деген сұраққа бірде-бір жауап жоқ. Мұның себебін анықтау қиын» деді Перфилиева Sputnik Тәжікстанға.

«Бүгінгі күні, , Тәжікстанда Ковид-19 (коронавирус) туралы бірде-бір оң жағдай тіркелген жоқ» дейді ол. 

ДДҰ өкілінің айтуынша, Тәжікстанда коронавирус туралы 700-ден астам зерттеу жүргізілген, олардың барлығы теріс.

Елге тест жүйелерінің негізгі жеткізушісі - Ресей. Роспотребнадзор Тәжікстанға 23 мың тест жүйесін жіберді. Германия тағы бір мыңын берді. Қытаймен келіссөздер де жалғасуда.

Сарапшылар Тәжікстанның географиялық  орналасуы пандемияның әсерінің әлсіретіп отырғанын айтады. Ресей, Қазақстан, Өзбекстанның шекарасын жабуы тәжік еліне әсерін берген.   Басқаша айтқанда ТМД-дағы көршілері дерттен қорғану үшін есігін жауып үлгіргенше, тәжіктер есін жиып, сақтық шараларын көбейтті. Шетттен келгендердің бәрін елдің шекарасында күтіп алып, карантинге жатқызды. Күдіктілерді де оқшаулап, тексеруден өткізді. Сөйтіп дерттің ел ішінде дендеп енуіне мүмкіндік бермей, табалдырығынан да аттатқан жоқ. 

Сарапшылар осы ретте тәжік елінде шетелге барып демалатын жағдайы бар азаматтардың өте аз екенін айтады. Сол себепті бұл дерттің импортталып келу мүмкіндігін нөл десе де болады.   

ДСҰ мәліметі бойынша, коронавирустар, бірінші кезекте, 65 жастан асқан қарт адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті әйелдер мен иммун тапшылығы бар азаматтарға жұқтыру қаупін төндіреді. Ал тәжік елі, салыстырмалы түрде қарағанда жас мемлекет. Халықтың көп бөлігі жастар мен балалар.

Ал жастарда  вируспен ауырғанмен, оның ағзаға терендеп таралуына мұмкіндік бермейді. Ағзаға енген дертті жастығымен жеңеді

Наурыз айының соңғы күндері каратинге жабылған тәжік мектептері 1 сәуірден бастап қайта жұмыс істеп жатыр.