Руханият • 03 Сәуір, 2020

Мәулен Әшімбаев: «Егеменнен ертегі» - игі істердің бірі де бірегейі

552 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында «Egemen Qazaqstan» газеті қолға алған жаңа «Егеменнен ертегі» жобасын ерекше атап өтті.

Мәулен Әшімбаев: «Егеменнен ертегі» - игі істердің бірі де бірегейі

«Қазір үйден шықпай отырудың өзі сынаққа айналды. Осындай кезде оқшауланған халықтың теледидар мен интернетке көбірек уақыт бөлетіні жасырын емес. Сондықтан мәнді, мағыналы дүниелерді арттырудың маңызы зор. Осы ретте сондай игі істердің бірі де бірегейі ретінде «Егеменнен ертегі» жобасын атап өткім келеді. Күн сайын «Egemen Qazaqstan» газетінің YouTube арнасынан берілетін ертегілер мынадай жайма-шуақ күндерде далаға шығуға асығатын ойын баласы үшін таптырмас ермек болары сөзсіз» деп жазды М.Әшімбаев.

Сондай-ақ ол ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ертегінің тәрбие құралы екенін баса айтты.

«Ертегінің ермектен бұрын нағыз тәрбие құралы екені белгілі. Өйткені ол арқылы ізгі қасиеттер мен асыл құндылықтар дәріптеледі. Әр қазақ білетін «Ер Төстік», «Алтын сақа» ертегілері соған дәлел. Шын мәнінде, осындай тағылымы мол туындыларды тыңдап өскен баланың ұлттық жәдігерлерді жадына сақтап, тамырынан ешқашан ажырамайтыны анық»,- деді белгілі саясаткер.

Мәулен Әшімбаев жаңа бастаманың өміршең болуын тілеп, басылым басшысына алғыс білдірді.

с