Спорт • 03 Сәуір, 2020

Велоспорт: Жарыстар жазға дейін ұйымдастырылмайды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2020 жылғы жарыстар тізбегін 1 маусымға дейін тоқтатты. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады деп жазады Olympic.kz. 

Велоспорт: Жарыстар жазға дейін ұйымдастырылмайды

Аталған шешім велоспорттың барлық түрлеріне және барлық санаттағы спортшыларға қатысты. Айта кетелік, UCI коронавирус індетіне байланысты 3 сәуірге дейінгі турнирлерді тоқтатқан болатын. 

Сонымен қатар жаңа маусымдағы веложарыстар кестесіне айтарлықтай өзгеріс енгізіледі. Ұйым екі Гранд-тур мен классикалық жарыстарды өткізуге мүдделі. 

Бұған дейін Халықаралық велосипедшілер одағы мамыр айында Италияда өтетін дәстүрлі «Джиро д'Италия» көпкүндігі коронавирус салдарынан белгісіз мерзімге кейінге қалдырған еді.

2020 жылдың 11 наурызында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Осыған орай, әлем елдері карантинге жабылып, спорттық жарыстар тоқтатылды.