Зарарсыздандыру жұмыстарына жеке қорғаныш костюмдерін киген 50-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылып, олар 7 мың текше метр «Рубеж» ерітіндіні бүркіп, көшені дезинфекциядан өткізді.
Дезинфекцияланатын жерлермен алдымен дауыс зорайтқышы бар арнайы автокөлік жүріп өтіп, жұмыстың басталғаны туралы хабарлап отырды.
– Қарағандыда кең көлемде дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер сіздің үйіңіздің жанынан осындай көлік жүріп өтсе, онда терезелер мен балкондарды 5 сағатқа жабыңыздар, – деп хабарлады Senim 109 қызметі.
Аталған жұмыстар жүргізілген жерлерден уақытша болса да аулақ болған жөн және мүмкіндігінше көшеге шықпай, балаларды да қараусыз қалдырмау керек екендігі ескертілді.
Қарағанды облысы