Видео • 03 Сәуір, 2020

Егеменнен ертегі. Қасқыр мен аю

5992 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Салтанат апаларыңыз бүгін сіздерге «Қасқыр мен аю» ертегісін айтып береді.

Егеменнен ертегі. Қасқыр мен аю

Кезекті жорықтан келген қасқыр дастарханын жайнатып, самаурынын қайнатып, жүрек жалғап алмақ болады. Дәл осы сәтте сырттан бір дыбыс естіліп, оған алаңдаған қасекең асығыс түрегеліп, шолып қайтуға кетеді. Қайта айналып келсе, әлгіндегі буы бұрқыраған қою күрең шайы жоқ. Ашуға булыққан қасқыр ақырып, бәрін бір айқаймен сапқа тұрғызды. Апырай-ә, шайын кім ішті екен? Ендеше Салтанат апаларыңыз бүгін сіздерге «Қасқыр мен аю» ертегісін айтып береді. Бірге тыңдайық!

«Егеменнен» – ертегі» жобасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театрымен» бірлескен жобасы. Egementv YouTube арнасынан күн сайын кешкі 19-00 сағатта беріледі.
Ертекші: «Қуыршақ» театрының әртісі Салтанат Мағзым;
Суретші-карикатурашы Айдарбек Ғазиз;
Үйлестіруші Ая Өміртай;
Түсірген және монтаж Жанболат Кенжеғұл.

Соңғы жаңалықтар