Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қостанай облысында төтенше жағдай режімін бұзған 10 адам қамауға алынды

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қамауға алынғандардың барлығы шектеу тәртібін сақтамаған түнгі сауық орындарының, ойын клубтары мен дүкендердің иелері, - деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штаб өкілдері.

Қостанай облысында төтенше жағдай режімін бұзған 10 адам қамауға алынды

Мәселен, «Блэк мист» деп аталатын қорқорхананың қожайыны шектеу қойылған уақытқа қарамастан жұмысын тоқтатпағаны үшін 12 тәулікке қамалған. Ал үй карантинін бұзған  Аманқарағай ауылының 58 жастағы тұрғыны 15 тәулікке қамалып отыр. Ол таяуда Ресейден оралып, үй карантиніне жатқызылған. Алайдақұзырлы органдар үйіне тексеруге келгенде, оныңқонаққа кетіп қалғаны анықталған.  

Сондай-ақ «ТЖ режімін бұзған екі бала қамауға алынып, олардың ата-анасына 560 мың теңге айыппұл салынды» - деген жалған ақпарат таратқан 20 жастағы Амангелді тұрғынының өзі 7 тәулік қапастың тас қабырғасын паналайтын болды.

Қамауға алынғандардың ішінде тағы екі қорқорхананың қожайындары, Рудныйдағы компьюьер клубының, Қостанайдағы екі дүкеннің иелері бар.