Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған адам Мысырдан ұшып келген

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1991 жылы туған азаматша 21 наурыз күні Шарман-Шейх – Алматы әуе рейсімен ұшып келген. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы арқылы облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев айтты.

Қостанай облысында коронавирус жұқтырған адам Мысырдан ұшып келген

- Алматы қаласында ол және жанындағы 4 азамат медициналық тексеруден өткен. Бірақ  талдау қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Олар Жамбыл облысындағы Отар стансасынан пойызға отырып, Қостанайға бағыт алған. Алматы қаласы мамандарынан ақпарат түскен соң, Қостанай облысының жауапты органдары арнайы шара қабылдады. Аталған азаматтар мен олармен байланыста болған барлық жолаушылар, пойыз жолсеріктері - барлығы 12 адам оқшауланды. Провизорлық госпитальдағы талдау теріс нәтиже көрсетті. Он екінші күні қайтадан алынған талдау нәтижесінде аталған азаматшаның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қазір эпидемияға қарсы тиісті шаралар қабылданып жатыр, - деді Марат Жүндібаев.

 

Қостанай облысы