Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Коронавирус жұқтырған төртінші адам 82 жаста

712 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зейнеткермен байланыста болған 55 адам анықталып отыр.

Шығыс Қазақстан: Коронавирус жұқтырған төртінші адам 82 жаста

Бүгін облысымызда үшінші адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлаған едік. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осыдан бір-екі сағат бұрын өскемендік тағы бір тұрғын осы індетке шалдыққанын жеткізді. Басқарма басшысы Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, 30 наурыз күні стационарға түскен 1938 жылғы ер адамға «пневмония» диагнозы қойылған екен. «Бекітілген алгоримге сәйкес одан коронавирусқа сынама алынды. Сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа. Пациент бұған дейін коронавирус жұқтырған өскемендіктің туысы емес. Зейнеткермен байланыста болған 55 адам анықталып отыр. Соның ішіндегі 12 адамның сынамасы теріс нәтиже көрсетсе, қалған 43 адамның сынамасының нәтижесі әлі шыққан жоқ» дейді І.Мұхамеджан.

ӨСКЕМЕН