Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Павлодар облысында 196 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімінің орынбасары Асайын Байхановтың  онлайн түрде өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткеніндей, елімізде Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін әлеуметтік маңызы бар өнімдерге сұраныс артқан.

Павлодар облысында 196 әлеуметтік дүкен жұмыс істеуде

Енді әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 түрі бойынша бағаға бақылау жүргізіледі.

Қазіргі уақытта өңірдегі тұрақтандыру қорында 1 мың тоннадан астам өнім бар.  Бүгінде облыстық мәслихаттың шешімімен бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаржыға 19 түрлі өнім сатып алынуда.

Ал, Тұрақтандыру қорындағы өнімдер облыстағы әлеуметтік дүкендерге жеткізіледі.

Облыста 196 әлеуметтік дүкен бар болса, оның 40-ы облыс орталығында, Екібастұзда - 10, Ақсуда – 5, қалғандары аудандарда орналасқан.

Өндірушілер енді өнімдерін апта сайын  өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне емес, әлеуметтік дүкендерге жеткізеді. Әлеуметтік дүкендердің тізімін «Павлодар» ӘКК» АҚ сайтында жазылған.

-Сондықтан, төтенше жағдайға байланысты шектеу шаралары көбейгендіктен жәрмеңкені тоқтату туралы шешім қабылдадық. Әкімдік тарапынан өндірушілермен дүкендердің арасына алыпсатарлардың түспеуіне, еш бөгет болмауына жағдай жасаймыз, - деді облыс әкімінің орынбасары.