Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Маңғыстау: коронавирус жұқтырған азаматтың пәтерінің кіреберісі карантинге жабылды

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысы Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау: коронавирус жұқтырған азаматтың пәтерінің кіреберісі карантинге жабылды

«Науқас Ақтауға іссапармен келген 50 жастағы Қызылорда облысының тумасы. Оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын бүгін жасалған сараптама нәтижесі растады. Қазір науқастың уақытша тұрып жатқан үй кіреберісі (Ақтау қаласындағы 11-шағын ауданда орналасқан 10-үй) карантинге жабылды. Онымен тікелей байланыста болған тұлғалар бірден оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Науқаспен қарым-қатынаста болған басқа да азаматтар анықталып жатыр. Дәрігерлер Ақтау қаласының тұрғындарын сақ болуға шақырады. Толығырақ ақпаратты ертең, яғни 4 сәуірде Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өтетін брифингте мамандар баяндап береді» делінген ақпаратта.

 

Маңғыстау облысы