Қоғам • 04 Сәуір, 2020

Жалған ақпараттар азық-түлік бағасын көтеріп жатыр

305 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай енгізілгеннен бері Қазақстанда азық-түлік бағасы 30%-ға, әлеуметтік маңызы бар тауарлар 15%-ға қымбаттады.

Жалған ақпараттар азық-түлік бағасын көтеріп жатыр

Бұл жаңалық Қазақстан тұтынушылар лигасы бүгін журналистермен өткен онлайн жиында  мәлім болды. 

Ұйымның хабарлауынша, төтенше жағдай  енгізілген сәттен бастап азық-түлік бағасы көтеріле бастады.

«Қазақстан Тұтынушылар лигасы» қауымдастығының еріктілер арқылы жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы орта есеппен 15% -ға өсті, ал қалған тамақ өнімдерінің барлығы қазір төтенше жағдай енгізілгенге қарағанда 30% -ға қымбаттады »,  дейді ұйым.

Қауымдастық бағаның өсу себептерін де атады. Бұған доллардың қымбаттауы, жеткізушілердің көліктің ерекше тәртібі мен кейбір кәсіпкерлердің адалдықтары, логистикалық қиындықтары жатады.

«Соңғы себеп туралы айта келе, қауымдастық аурудың таралуы адамдарға азық-түлік тапшылығына алып келеді деген түсініктің жетегімен көп мөлшерде азық-түлік сатып алуға мәжбүр етеді» дейді олар таратқан баспасөз баянында.

Тұтынушылар құқығын қорғайтын лига кейбір өнімдердің пайдалы қасиеттері туралы жалған ақпараттық бюллетеньдер бағаның қамбаттуына әсер етіп жатқанын айтып өтті.  Зімбір мен лимонның қорғаныштық қасиеті туралы ақпараттардан соң олардың бағалары еселеп өсіп кеткен.   Кәсіпкерлер бұл жағдайды пайдаланып, кейбір өнімдерге сұраныстың артып келе жатқанын түсініп,  бағаны қолдан көтермелеп отыр. «Төтенше жағдай енгізілгенге дейін дәл осындай зімбір Қазақстанда орташа есеппен 1,5 мың теңге тұрады, бүгінде оның бағасы 8 мың теңгеге дейін өсті.Еліміздің кейбір аймақтарында олардың бағасы 20 мың теңгеге дейін жетеді» деп атап өтті  Тұтынушылар Лигасы атап өтті.

Еске салайық, наурызда Қазақстандағы инфляция 0,9% құрады, ал азық-түлік тауарлары бір айда 1,7% қымбаттады. Сонымен қатар, елде өмір сүру құны өсті.