Соңғы аптада халықаралық нарықта мұнай бағасы сұраныстың азаюына байланысты бір баррелінің құны 65 доллардан 20 долларға дейін арзандады. Әлемде коронавирус пандемиясы тарады. Үш миллиардтан астам адам карантиндік жағдайда өмір сүріп жатыр.
АҚШ Президенті Дональд Трамп бейсенбі күні Ресей басшысы Владимир Путин мен Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманмен телефонмен әңгімелескенін мәлімдеген. Reuters-тің жазуынша, Мәскеу мен Эр-Рияд мұнай өндіруді тәулігіне 10-15 млн баррельге дейін азайтуға келіскен.
Дегенмен Халықаралық энергетика агенттігі мұнай өндірісін тәулігіне 10 миллион баррельге дейін азайту мұнайға сұраныс күрт азайған шақта мәселені шеше алмайды деп санайды.
Агенттік жетекшісі Фатих Бироптың пікірінше, шикізат өндіруді азайтудың салдарынан екінші тоқсанда әлемде мұнай қоры артып, күніне 15 млн баррель өндіруге тура келеді.
Наурыз айының басында Мәскеу мен Эр-Рияд шикізат өндірісін азайту туралы келісе алмағаннан кейін халықаралық нарықта мұнай бағасы күрт арзандаған еді.