«6 сәуірде басталатын IV тоқсанда мектеп оқушылары сабақты қашықтан оқитыны белгілі. Министрлік қашықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы үздіксіз жалғастырып келеді. Бүгін сағат 15:00-де Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде ата-аналармен, ұстаздармен және мектеп директорларымен онлайн-кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап береді» делінген жариялаған ақпаратта.
Асхат Аймағамбетовтің онлайн-кездесуін министрліктің Facebook пен Instagram парақшаларынан және министрдің Instagram-дағы жеке парақшасынан көруге болады.