Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Екібастұзда құтқарушылар жарылыстың алдын алып, өртті сөндірді

314 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық Төтенше жағдайлар  департаментінің мәліметінше, 2-ші сәуір күні сағат 10.39-да  қаладағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35-ші үй мекен жайында өрт шыққаны туралы хабар келіп түседі.

Екібастұзда құтқарушылар жарылыстың алдын алып, өртті сөндірді

Оқиға орнына су толы көліктермен №2 бөлімнің кезекші ауысым бөлімшесі, №6 өрт сөндіру бөлімінің кезекші бөлімі жөнелтілген.

г

Ал №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, Азаматтық қорғаныс капитаны Жұмабай Кеңестің айтуынша, өрт сөндірушілер 5 қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтердің балкон жақтаулары жанып жатқанын көреді.

Өрт балконнан бірінші қабаттағы "Малибу" дүкенінің шатырына ауысқан. Өрттің жалпы аумағы 40 шаршы метр.   

Сонымен бірге, «Арнайы газ-түтін қорғанысы қызметінің» мамандары барлау жасап, дүкеннің асүйінде оттегі баллондарын тауып алады.

Өрт сөндірушілердің бірлескен әрекеттеріне сай әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр екі оттегі баллоны сыртқа шығарылды.

Осылайша, бөлімінің  аға инженері, Азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Дидар Түсіпов бастаған құтқарушылар жарылыстың алдын алып, өрттің таралуына жол бермеді.

 

Павлодар облысы

Сурет: департаменттен