Саясат • 05 Сәуір, 2020

Түрік Кеңесінің Бас хатшысы мүше мемлекеттер жаһандық дағдарысқа қарсы ортақ шаралар қабылдайтынын мәлімдеді

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер жаһандық дағдарысқа қарсы ортақ шаралар қабылдайтынын, мүше мемлекеттер арасындағы тұрақты ынтымақтастық осы мәселе бойынша ортақ іс-қимыл жасауға мүмкіндік беретінін, проблемаларды бірге еңсеруге шешім қабылдағанын да айтып өтті.  

Түрік Кеңесінің Бас хатшысы мүше мемлекеттер жаһандық дағдарысқа қарсы ортақ шаралар қабылдайтынын мәлімдеді

Әлем пандемияның  құрсауында тұрған кезде   түрік әлемінің көшбасшылары   өз елінің азаматтары ғана емес, алыс-жақын шетелдердегі азаматтардың қауіпсіздігі шекараны жабуға шешім қабылдады. Халықаралық рейстерді тоқтатып, індеттің жайылып кетпеуінің алдын алып, көмектің кез келген түрін көрсетуге шешім қабылдады.
Түркия Әзербайжанға алғашқы сынақ жинағын жіберді. Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігіне Бішкектегі қырғыз-түрік достық ауруханасын дертке қарсы күресте пайдалануға беру туралы шешім қабылдады. Өзбекстан Президенті көрші Қырғызстанға осы қиын күндерде көршісіне көмектесу үшін жіберілді. Қазақстан Үкіметі Қырғызстан азаматтарын Қытай мен Үндістаннан жеткізуге  көмек көрсетті. Осы қиын-қыстау кезеңде Түрік Кеңесіне мүше мемлекеттер Венгрияға медициналық көмек көрсетті.

Әзербайжан, Өзбекстан және Түркия медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Түркияның жеке секторы Қазақстанға көмектесуге дайын екенін айтып жатыр. IT Group түрік компаниясы өткен аптада Қазақстанның түрлі ауруханаларына медициналық мақсаттағы бұйымдарды, бет маскаларын, қорғаныс көзілдіріктері мен қолғаптарды қоса алғанда, маңызды көмек пакетін ұсынды.

Бас хатшы Б.Әміреев түрік әлемі осы жаһандық күресте халықаралық қауымдастықтың өзге мүшелерімен ынтымақтасатындығына, түрік әлемінің көшбасшылары қиындықтарды жеңу үшін ортақ күш-жігерді жұмылдыра отырып, әрекет етуге дайын екенін мәлімдеді.