Коронавирус • 05 Сәуір, 2020

COVID-19: Елімізде індет жұқтырғандар саны 569 адамға жетті

1193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның 6 облысынан 18 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында жарияланды.

COVID-19: Елімізде індет жұқтырғандар саны 569 адамға жетті

Сайт таратқан ақпараттарға қарағанда, коронавирус індетін Алматы қаласында – 5, Қарағанды облысында – 4 адам, Түркістан облысында - 4 адам, Ақмола облысында – 3 адам, Атырау облысында 1, Қызылорда облысында - 1 адам жұқтырған.

Осылайша, еліміз бойыша қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 569 адам болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 219, Алматы қаласы – 115, Шымкент қаласы – 13, Ақмола облысы – 23, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Атырау облысы – 23, Шығыс Қазақстан облысы – 5, Жамбыл облысы – 28, Батыс Қазақстан облысы – 2, Қарағанды облысы – 31, Қостанай облысы – 1, Қызылорда облысы – 31, Маңғыстау облысы – 3, Павлодар облысы – 1, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Түркістан облысы – 29 науқас бар. 

Айта кетейік, бүгін Шымкент қаласында бұл індеттен 1 адам қайтыс болды.