Солтүстік Қазақстан полициясы бұл хабарламаның жалған (фейк) екенін ресми түрде жариялады. Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуына қарағанда, полиция ешқандай дәрігермен жүрмейді және жүрмеген. Бұл - халықты шошытуға бағытталған арандатушы хабарлама. Оның кімнен шыққандығы ақыры анықталып, тиісті жазасын алатын болады деді полиция полковнигі.
Сонымен қатар ол күмәнді хабарлар емес, ресми дереккөздерге сену керектігін айтты. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейтін 274-бабында қарастырылғанын да еске салды. Егер бұл төтенше жағдай кезінде болса, онда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Солтүстік Қазақстан облысы