«Аталған сайтта өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауап алып, психологтың немесе психотерапевттің кеңесін тыңдай аласыз. Ол үшін алдын ала өтінім қалдыру керек. Өтінім берушіге сілтемесі бар СМС-хабарлама келеді. Ол сілтемеге өткеннен кейін тиісті маманмен белгіленген уақытта әңгімелесуге болады» деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-арнасында.
Бұл жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік және мемлекеттік емес секорда еңбек ететін 50 маман тартылған. Жоба арқылы коронавирус инфекциясы таралған уақытта жергілікті жағдай ескерілген үздік халықаралық психологиялық көмек беріледі.