Руханият • 06 Сәуір, 2020

Әр адам қолдау көрсетуі керек

569 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты кезекті мәлімдемесі елге үміт сыйлады. Өйткені мәлімдемеде дағдарыстың алдын алу шараларының бұған дейін қабылданғаны, қазіргі қиын-қыстау кезеңнен шығудың жолдарын, сондай-ақ болашақта атқарылатын істерді нақты көрсетті.

Әр адам қолдау көрсетуі керек

Бұл індеттің үрейі, дақпырты бір бөлек болып тұр. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың күн санап артып бара жатқаны алаңдатып отыр. Осы орайда Қ.Тоқаев өз сөзінде індетті жұқтырған азаматтарға қолдау білдіретінін, ауру қауіпті болғанмен, одан емделуге болатынын және бұл үшін барлық жағдай жасалатынын айтып, оларды еш мойымауға шақырды. Бұл – қазіргі қоғамға зор қолдау. Сондықтан осындай уақытша қиындық кезеңінде дүрбелең тудыруға жол берілмеуі тиіс. Әрбір ұжым, әрбір азамат осындай аса маңызды кезеңде мемлекетке қолдау көрсетуі керек.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға біздің университетіміз де өз үлесін қосуда. Атап айтсақ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Президенттің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына байланысты оқу процесін толығымен қашықтан оқыту режіміне ауыстыруды өз уақытында әрі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұған университетімізде соңғы 5 жылдан бері сәтті жұмыс істейтін әрі магистратура бағдарламасы бойынша толық апробациядан өткен КазТЕП (Қазақ тілінде қашықтықтан білім беру) қашықтан оқыту жүйесі себеп болды. Бұл жүйе қашықтан оқыту бойынша Түркия тәжірибесі негізінде түркиялық мамандармен бірлесе құрылған. Бұдан бөлек студенттермен кері байланыс орнату мақсатында Call орталық жұмыс істейді.

 

Болатбек ӘБДІРӘСІЛОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры