Президент • 06 Сәуір, 2020

Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады

87 реткөрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық биотехнология орталығының ұжымдарына құттықтау хат жолдады.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ғылыми институттардың ұжымдарын COVID-19 коронавирусын анықтауға арналған диагностикалық тест жүйесін әзірлеуімен құттықтаймын! Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы мен Ұлттық биотехнология орталығының ғалымдары халықаралық стандарттарға сай келетін қажетті тест жүйесін қысқа мерзімде жасап шықты. Сіздердің жетістіктеріңіз отандық биомедицина саласының бәсекеге қабілеттілігі жоғары екенін көрсетеді. Әлемге тараған коронавирус індетіне қарсы күрес жүріп жатқан кезде бұл жаңалықтың ұсынылуы өте маңызды болып отыр. Әзірленген тест жүйесі мыңдаған азаматымыздың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі деп сенемін», - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ғылыми орталықтың ел игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тілеп, алғыс білдірді. 

Соңғы жаңалықтар

Атырау: Үш аптада 17 бала жоғалды

Аймақтар • Бүгін, 11:06

80 жылдан кейін иесін тапқан хат

Руханият • Бүгін, 09:22

Мұнай-газ секторының сын сағаты

Экономика • Бүгін, 07:22

Қомақты қаржы бөлінеді

Пікір • Бүгін, 07:20

Мал баққанға бітеді

Аймақтар • Бүгін, 07:10

Зұлмат зардабы

Тарих • Бүгін, 06:54

Қала дамуына қарқын береді

Экономика • Бүгін, 06:46

Дала данышпаны

Абай • Бүгін, 06:43

Халық үнемдеуге көшті

Экономика • Бүгін, 06:35

Індетті тәртіп жеңеді

Коронавирус • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар