Спорт • 06 Сәуір, 2020

«Барыс» жарыс жолынан шығып қалды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңінде өнер көрсеткен елорданың «Барыс» клубы онлайн дауыс беру жүйесі бойынша ұйымдастырылған төрт ойында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

«Барыс» жарыс жолынан шығып қалды

ҚХЛ-дің әлеуметтік желілерінде ұйымдастырылған онлайн дауыс беру жүйесінде Новосібірдің «Сибирь» командасымен сынға түскен «Барыс» бірде-бір сауалдамада жеңіске жете алмады. Алғашқы екі дауыс беру матчына «Барыс» жанкүйерлері ереже бұзғаны үшін 50 пайыз дауыс шегеріп тастаған болатын. Ал кейінгі екі ойында айқын басымдықпен жеңілді.

Енді Шығыс конференциясының виртуалды финалында «Сибирь» мен «Салават Юлаев» кездессе, Батыс аймағының финалында Финляндияның «Йокериті» мен Мәскеудің «Динамо» командасы сынға түседі.

Айта кетейік, 16 наурызда «Барыс» Гагарин кубогы жарыс жолынан пандемияға байланысты шығып қалған болатын. Ал 17 наурызда ҚХЛ жарыстардың уақытша тоқтағанын хабарлап, кейіннен маусымның аяқталғанын жариялады. Кейіннен ҚХЛ басшылығы маусымды соңына жеткізу және жеңімпазды анықтау үшін екінші плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар арасында әлеуметтік желілерде сауалдама ұйымдастырды.