Бірлескен патрульдеу – бұл карантин кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара болып саналады. Əскери полицияның жасағы карантиндік аймақтың периметрі бойынша ұйымдастырылған блок-бекеттерде тәулік бойы кезекшілік етеді, қоғамдық орындарды патрульдейді және әскери автокөлік лектерін сүйемелдейді.
Төтенше жағдай кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы барысында «құқық бұзушылықтың, ең алдымен ұрлық, тонау, биліктің заңды талаптарына бағынбау фактілерінің өсуіне жол бермеуге болмайды» деп тағы да атап өтті.