Спорт • 06 Сәуір, 2020

«Ювентус» футболшысы екінші рет коронавирус дертіне шалдықты

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Туриннің «Ювентус» клубының шабуылшысы Пауло Дибалының короновирусқа тапсырған үшінші тесті оң нәтиже берді.

«Ювентус» футболшысы екінші рет коронавирус дертіне шалдықты

Италиялық БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұл туралы футболшының сүйіктісі Ориана Сабатини мәлімдеген. «21 наурызда біз тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен болатын. Кейін арада үш күн өткенде біздің қан талдамаларымызда вирустың жоқ екені анықталды. Сөйтіп біз үшінші рет тест тапсырғанды жөн көрдік. Үшінші тест қайта оң нәтиже берді. Шынын айтқанда, бұл тесттің қалай жұмыс істейтінін білмей дал болып отырмыз», дейді Сабатини.

Осы күнге дейін «Ювентустің» үш футболшысынан коронавирус індеті анықталды. Олардың арасында Дибаладан бөлек, команданың франциялық жартылай қорғаушысы Блез Матюиди мен италиялық қорғаушы Даниэле Ругани бар. Ал жалпы дүниежүзі бойынша 30-дан аса футболшы коронавирус жұқтырған.