Олар 3 сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған ерлі-зайыптылармен қарым-қатынаста болған. Қызылордалық ерлі-зайыптылармен байланыста болған тұлғаларды іздестіру барысында 5-сәуір күні Ақтау қаласының 14 шағын ауданында орналасқан 38 үйдің 4 тұрғыны жедел стационарға жеткізілген болатын. Олардан сынама алынып, екеуінен COVID-19 анықталды. Екі әйел адам да 1990 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар бірден арнайы боксқа оқшауланды. Қалған екеуінен алынған сараптама теріс нәтиже берді. Қазір провизорлық ауруханада жатыр. Қазір науқастар уақытша тұрған Ақтау қаласы, 14 шағын ауданы, 38 үйдің тұтас бір подъезінің тұрғындары карантинге жабылды. Ақтау қаласының әкімдігі тәртіп сақшыларымен бірлесіп, оқшаулау және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуде.
-Жалпы, 3 сәуір күні тіркелген науқастар 138, оның ішінде 23 адаммен тікелей байланыста болғаны анықталды. Барлығы карантинге жабылды. Дәрігерлердің жіті бақылауында. Осы орайда тұрғындардан үйлерінде болып, сақтық шараларын қатаң сақтау сұралады, деді Е.Күмісқалиев.
Маңғыстау облысы